«AL-FARABI»: МЕШІТ ҰЖЫМЫНА ДІНИ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

26 тамыз 2025 979 0
Оқу режимі

Астанадағы «Al-Farabi» мешітінде дін қызметкерлеріне жат ағымның алдын алу бағытында жиын өтті.

Басқосуға ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің басшысы м.а. Данияр Кенжалин, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, Діни оңалту бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалым және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты.

Жиында радикалды көзқарастағы азаматтармен жұмыс жүргізудің тәжірибелері талқыланып, оларды қоғамға бейімдеу тәсілдері мен имамдардың ұстануға тиіс этикалық ұстанымдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар діни біліммен бірге еліміздің заңнамасын да жетік білу қажеттігі айтылды. Себебі мұндай бағыттағы қызмет тек шариғи дәлелдермен ғана емес, құқықтық тұрғыдан да сауаттылықты талап етеді.

Данияр Кенжалин өз сөзінде жат ағым идеологиясының отбасылық құндылықтарға, жастар санасына және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылыққа тигізетін кері әсерін атап өтті. Осыған байланысты имамдардың жауапкершілігі айрықша екені айтылды.

Семинардың негізгі мақсаты – жат ағымдардың алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу, оңалту қызметін күшейту және қоғамдағы діни тұрақтылыққа үлес қосу.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру