«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ АСТАНАЛЫҚ АСАБАЛАРҒА СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

08 желтоқсан 2023 1117 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде «Асаба болу – өз ісің, әдепті болу – борышың» тақырыбында семинар жұмысы ұйымдастырылды. Игі шараға Астана қаласының асаба азаматтары мен мешіт жамағаты қатысып, той-томалақ, құдайы ас секілді дастархан басындағы отырыстардың мәдениеті мен әдебіне қанығып қайтты.

Қатысушыларға «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов аталмыш тақырып аясында насихат айтып, көпшілік ортада сөз тізгінін ұстаған жанға қойылар талаптар мен әдеп-құлық шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ, әзіл-қалжыңға да қатысты шариғат шарттарын ескертіп, «күлдірем деп бүлдіріп алмау» жайында керекті кеңестермен бөлісті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру