«Алланың сипаттарын дұрыс түсіну» тақырыбында уағыз айтылды (ФОТО)

24 қыркүйек 2018 4449 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне арналған жексенбілік уағыздар қыркүйек айының ортасынан бері қайта басталғанын хабарлаған болатынбыз. Аптаның соңғы күні ақшам намазынан соң жиылған шәкірттер қауымына түрлі тақырыпта уағыз-насихат жұмысын жүргізіп, соңынан ұжымдық ас беру Бас мешітте бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған болатын.

Кешегі өткен жексенбі күні де осындай игі шараға мұрындық болып, Бас мешіт шәкірттері «Алланың сипаттарын дұрыс түсіну» тақырыбында тағылымды уағыз тыңдап қайтты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов жүргізген уағыз аясында шәкірттер мүташабиһ (мағынасы нақты анық болмаған) аят-хадистердің мағынасын дұрыс түсінудің тәсілдерін үйреніп, діни білімдерін тереңдете түсті.

Уағыз соңында шәкірттер сұрағына кезек беріліп, түйткілді мәселелер бойынша бірқатар келелі кеңестер айтылды. Шәкірт пен ұстаз арасындағы қызу байланыс жексенбілік уағыздан кейінгі дастархан басында одан әрі дами түсіп, жалғасын тапты.

Уағыздың видео нұсқасын алдағы уақытта сайтымыздан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру