АЛМАТЫ: 29 614 шара өтіп, оған 1 746 425 адам қатысты (ФОТО)

05 желтоқсан 2019 1812 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық аппаратына есеп берді.

"2019 жылы қаламызда 29 614 шара өткізіліп, оған 1 746 425 адам қатысты. Имамдарымыз қала бойынша түрлі мекемелерде 356 кездесуге қатысып, 11 417 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал ақшам намаздарында 33 660 уағыз айтылып, оған 2,5 млн жамағат қатысты. Бұдан бөлек жамағатқа тұрақты дәріс жүргізілуде" деді бас имам Еркінбек Шоқай.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру