Алматы қаласында бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы өтеді

26 ақпан 2019 8933 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Үммет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 6 сәуір күні бүлдіршіндер арасында ІІІ Құран жарысы Алматы қаласы Орталық мешітінде өтеді.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

Жарысқа қатысушы Қазақстан азаматы мен азаматшасы болуы;
Үміткердің жасы 8-ден аспауы тиіс;
Қатысушы «Мутаффифин» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа білуі;
Оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады.

Қажетті құжаттар: Туу туралы куәліктің көшірмесі, Үміткердің өтініші.

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 28 наурызға дейін Ksh_90_kz@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Жарысқа қатысушы барлық бүлдіршіндерге (ер балалар және қыз балалар тобы) сыйлықтар табысталады. Ал, арнайы жүлдегерлерге төмендегідей көлемде сыйақы тарту етіледі:

1-орын (100 000 теңге)
2-орын (75 000 теңге)
3-орын (50 000 теңге)
ЫНТАЛАНДЫРУ:
3 қатысушыға (25 000 теңге)

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Балаларына Құран Кәрім үйреткендерге немесе Құран Кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран Кәрімнің әрбір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі кигізіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады», – деп айтылғандай, бүлдіршіндеріміздің жастайынан Құран жаттап, иманды да салиқали, отансүйгіш болып өсуі – біздер үшін зор бақыт.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 985 45 90 – Шоқан Құдайбергенов.

Дереккөз: Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру