Алматыда VIII республикалық Құран жарысы өтеді

21 ақпан 2019 8441 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;

Үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында 1 орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады; 

Толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;

Үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;  

Үміткердің 30 жастан аспаған болуы;

Үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. 

Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  
 
Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғандай баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Ахметов

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру