Алматыда VIII республикалық ҚҰРАН жарысы өтеді

25 сәуір 2019 6627 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-27 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы Алматы қаласы Орталық мешітінде, ал жарыс жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші 28 сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени бағдарламамен өтеді. Жарыс 26-сәуір күні жұма намазынан кейін басталады. 

Республикалық жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен Құран байқауының Іріктеу сайыстарында топ жарған 69 қариымыз қатысады. Олар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша өзара бақ сынайды.      

Жарыста қарилардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән беріледі.

26-27 сәуір күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран байқауында сынақтан сүрінбей, өзін жақсы қырынан көрсеткен, сөйтіп жүлделі орындарға ие болған жеңімпаз қариларымызға автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.  

Өтетін уақыты: 26-28 сәуір күндері
Өтетін орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі – 16.

+7 778 332 59 31, aom-baspasoz@mail.ru   

Дереккөз: azan.kz

Пікірлер Кіру