«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

03 наурыз 2023 1900 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов жұма намазына жиылған жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, Сайфуллин Думан Нәдірұлын таныстырды.

Сайфуллин Думан Нәдірұлы 1986 жылы 23 желтоқсанда Абай облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

2004-2008 жылдар аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқыған.
2008-2010 жылдар аралығында «Нұр-Мұбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистратурасын бітірген.  
2012 жылы Алматы қаласындағы төрт айлық имамдар білімін жетілдіру институында білім жетілдірді.
2015 жылы ҚМДБ-ның жібертуімен Мысыр еліндегі «Әл-Әзһар» университетінде үш айлық имамдар білімін жетілдіру институтында оқыған.
2017 жылы  ҚМДБ-ның «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы экстремизмның алдын алу саласындағы мамандарды қайтар дайырлау институтында білімін толықтырды.
2019-2021 жылдары «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің «Дінтану» мамандығын тәмамдады.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2011-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Орбита» мешітінде азаншы қызметін атқарды.
2012-2013- Алматы қаласы төрт айлық имамдар білімін жетілдіру институтында араб тілі және хадис пәнінен ұстаздық етті.
2013-2014 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Аягөз қалалық мешітінде наиб имамы болды.
2014-2020 жылдар жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Аягөз қалалық мешітінде бас имамы қызметін атқарды.
2020-2023 жылдары ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы болып қызмет атқарған.

ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі. «Ислам әдептері», «Көркем мінез», «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітаптарының авторы.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру