АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

26 қаңтар 2024 1310 0
Оқу режимі

Бүгін Қасиетті жұмада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Астана қалалық «Әлжан ана» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

«Әлжан ана» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жұма намазын жүргізіп, мешіт ұжымы мен жамағатына жаңа бас имамды таныстырды.

«Мұратбек Мұхтарханұлы әйгілі «Әл-Азхар» университетін тәмамдаған, діни білімі жоғары. 2013 жылдан бастап Орал орталық мешітінің наиб имамы, Орал медресесінің директорының орынбасары қызметін атқарды. Ендігі кезекте Астана қаласының рухани өміріне қалтықсыз қызмет етіп, бар біліктілігі мен білімін, ынта-жігерін осы өңірдің діни тұрақтылығын нығайтуға жұмсайды деп сенемін», - деді Ерболат Нұрылдаұлы.

Мұратбек Мұхтарханұлы Қыстаубаев – 1983 жылы дүниеге келген.

2000-2005 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы гуманитарлық институты «Дінтану» факультетін; 2005-2013 жылдары Египет Араб Республикасы Әль-Азхар халықаралық ислам университеті «Шариғат» факультетін тәмәмдаған.

2013 жылдан бастап «Орал» облыстық орталық мешітінің наиб имамы,

2015-2018 жылдары «Орал» медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың 5 шілдесінен бастап ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, БҚО орталық мешітінің бас имамы қызметін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге шейін Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.

 

Пікірлер Кіру