АСТАНА ҚАЛАСЫ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

17 желтоқсан 2025 173 0
Оқу режимі

Бүгін елордадағы Республикалық бас мешітте Астана қаласы дін қызметкерлерінің кезекті республикалық аттестаттауы өтіп жатыр.

Айтулы іс-шарада ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, комиссия төрағасы Кенжетай Байкемелұлы имамдарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, аттестаттаудан өтудің маңызын атап өтті.

Елорда дін қызметкерлерінің бүгінгі аттестаттау емтиханына комиссия мүшелері ретінде Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Тілеубердиев, сондай-ақ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов қатысып жатыр.

Ең әуелі дін қызметкерлері компьютер арқылы ақида, фиқһ, ислам тарихы және заң бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейін оларға ауызша қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ-ның концептуалдық құжаттары бойынша сауалдар қойылады.

Айта кетейік, дін қызметкерлері (109 дін маманы) А, В, С санаттары бойынша емтихан тапсырып отыр.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру