АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ БЕСІН УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

18 наурыз 2024 451 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қаладағы «Әлжан ана» мешітінде жамағатқа бесін уағызын айтты.

Рамазан айының қадір-қасиеті мен жылына бір-ақ рет келетін осы бір кезеңде жасалатын игі амалдардың сауабы жайында айта келе, жалпы парыз амалдардың мұсылман өміріндегі көл-көсір пайдалары жайында баяндап өтті.

Уағыз-насихат барысында қала бас имамы сауапқа толы отыз күнді ізгі амалдармен, құлшылықпен өткізуге шақырды. Жиналған жұртшылықты берекелі де мерекеге толы аймен құттықтап, ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді.

3 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

 

Пікірлер Кіру