Астана қаласының бас имамы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде болды

06 мамыр 2026 143 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік мамандары жұмыс жоспарына сәйкес елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде болды.

Кездесу барысында мешіт ұжымының атқарып жатқан қызметі мен жамағатпен жүргізіліп отырған рухани-ағартушылық жұмыстары таныстырылды. Мешіттің бас имамы Руслан Байзақов жамағатпен байланыс, жастар тәрбиесі және әлеуметтік бағыттағы бастамалар төңірегінде атқарылып жатқан істерге тоқталды.

Басқосу кезінде діни қызмет сапасын арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын жүйелеу және мешіттің қоғаммен байланысын нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар имамдардың жауапкершілігі, жамағатпен қарым-қатынас мәдениеті және діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстар сөз болды.

Қала бас имамы көбірек шәкірт тәрбиелеудің маңызын атап өтіп, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет екенін айтты. Сондай-ақ алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне тыңғылықты дайындалу керектігіне назар аударды.

Сапар аясында қала бас имамы жамағатпен кездесіп, бесін намазынан кейін насихат айтты. Уағыз барысында ауызбіршілік, ізгілік және рухани тәрбие тақырыптарына тоқталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру