АСТАНА ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

01 қараша 2025 649 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен елорда жамағаты арасында кіші футболдан сайыс өтті.

Жарысқа Астанадағы мешіттер жамағатынан құралған командалар қатысып, өзара достық және ынтымақ жолында тартысты ойын көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін, ұйымшылдығын және өзара түсіністігін танытты.

Бұл спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт жамағатының өзара бауырмалдық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеу және жастардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.

Іс-шараға қатысқан Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымына және қатысушы жамағатқа ризашылығын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында үздік деп танылған командалар анықталды:
1-орын – «Төлебай» мешіті командасы
2-орын – «Мүфтият» командасы
3-орын – «Әл-Фаттах» мешіті командасы

Жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен алғыс хаттар табысталып, қатысушыларға мешіт атынан сыйлықтар үлестірілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру