АСТАНАДА ЖАҢА ЭНЦИКЛОПЕДИЯНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ (ФОТО)

19 шілде 2023 1459 0
Оқу режимі

Астанада ресми қызмет ететін діни бірлестіктердің шығу тарихы, олардың қызметі мен діни ғибадат ғимараттары жайында жазылған «Елорданың діни нысандары» энциклопедиясының таныстырылымы өтті.

Салтанатты іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Астана қаласы Дін істері басқармасы дайындаған кітаптарды тамашалауға елордалық діни бірлестіктердің басшылары, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметшілері келді. Сонымен қатар ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы бастаған Астана қаласының имамдары қатысты. 

Діни бірлестіктердің тарихы мен культтік тәжірибесі туралы жазылған туынды – Астананың ширек ғасырдағы жетістігі. Жаңа жинақ 16 тарауға бөлінген. Әр бөлімде елордадағы конфессиялар туралы жекелеген толық ақпарат ұсынылған. Сондай-ақ жинақта діни бірлестіктердің шығу тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмысы туралы жазылған, түрлі діни орындардың, сәулетті ғимараттардың фотолары да енген.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру