Әйел-қыздар арасында волейболдан жарыс өтті (ФОТО)

30 қаңтар 2021 4639 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай волейболдан «Тәні саудың жаны сау» атты спорттық сайыс өтті.

Жарысқа елорда мешіттерінен жиналған әйел жамағаты қатысып, бақтарын сынады. Қызықты да бәсекелі дода «Инабат», «Жібек», «Фирдаус», «Бәйтерек» сынды төрт команда арасында өрбіді.

Қазылар алқасы мен тамашалауға келген әйел-қыздар тартысты ойынның куәсі болды. Нәтижеде «Фирдаус» командасының қыздары айқын басымдықпен бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік кубоктары табыс етілді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аясында әйел жамағатымен спорттық сайыстардың өтуі үрдіске айналған болатын. Тек пандемия себепті кежеуілдеп қалған игі дәстүрді Әйел-қыздары секторының ұжымы карантин талаптарын сақтай отырып, қайта қолға алуға ниетті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру