Әйел жамағатына арналған онлайн сауат ашу курсы басталды (КЕСТЕ)

09 қазан 2020 5122 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша әйел жамағатына арналған Діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Елордалық әйел ұстаздардың ұйытқы болуымен қазан айынан бастап, әлеуметтік желілер мен zoom қосымшасы арқылы шәкірттер тобы жасақталып, орыс және қазақ тіліндегі онлайн сабақтар жүйелі өткізіліп келеді. Өкілдік тарапынан бекітілген кесте бойынша барлық ұстаздар «Құран дәрістері», «Тәжуид дәрістері», «Иман негіздері» және «Ақида негіздері» бойынша сабақ өткізеді.

Айта кетейік, онлайн діни сауат ашу сабақтарына тіркеліп, жазылу әлі де жалғасу үстінде. Бір ескерер жайт, жұқпалы дерттің қаупі сейіліп, қалыпты жағдайға түскен кезде сауат ашу сабақтары мешітте жалғасып, қазіргі тізім бойынша топқа жіктелетін болмақ. Осы себепті де, тіркелер алдында өзіңізге жақын орналасқан мешіт ұстазын таңдағандарыңыз дұрыс.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру