ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ САҒАТЫ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

08 наурыз 2024 533 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр жұма сайын әйел жамағатына арналған уағыз-насихат сағаты жалғасып келеді. Мешіт ұстаздары Рамазан айында өз нәпсімізді қалай тәрбиелеуіміз керек, бос уақытты қалай тиімді пайдаланамыз, Рамазан айында Құран оқудың артықшылығы туралы тағылымға толы насихаттарын жүргізіп келеді.

Игі дәстүр осы жұмада да жалғасын тапты. Уағыз сағатынан соң әйел-қыздар Рамазан айына қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұстаздардан жауап алды.

Айта кетсек, Рамазанға дейінгі бір ай бойы мешіт ұстаздары қасиетті айға дайындық ретінде жамағатқа насихат сағаттарын жүргізіп келеді.

10 адам және орамал кескіні болуы мүмкін

10 адам, орамал, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

13 адам, орамал және тұғыр кескіні болуы мүмкін

9 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

10 адам және тұғыр кескіні болуы мүмкін

 

 

 

Пікірлер Кіру