Әйел жамағатына орамалды сәнді байлау әдістерін көрсетті (ФОТО)

17 қаңтар 2020 2892 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздарының ұйымдастыруымен кезекті кездесу болып өтті. Әр апта сайын мешіттің әйел жамағатына елімізге белгілі танымал тұлғалар мен белгілі кәсіби мамандар кездесу өткізіп, жамағатқа пайдалы түрлі тақырыптарды қозғап келеді.

«Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан кездесу алаңына бұл жолы әлеуметтік желі арқылы танымал болған блогер Маржан Әміртай шақырылып, орамалды сәнді байлаудың әдістері түсіндірілді. Бір орамалдың өзін түрлі пішінде түрлендіре байлаудың оңай жолдарын үйретілді. Белгілі блогер өзінің шеберлік сағаты аясында хакім Абайдың 175 жылдығына орай сұрақ-жауап ойынын өткізіп, жауабын тапқан жүлдегерлерге орамал сыйлады.

Кездесу соңында Маржан Әміртайға мешіт басшылығы атынан алғыс айтылып, қасиетті Құран кітабы тарту етілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру