«Әжелер өнегесі» мектебі қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО+ВИДЕО)

29 сәуір 2021 3586 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай тағы бір қайырымдылық шарасы өтті. «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Бекет Гүлсара апамыздан дәріс алатын шәкірт апалардың атынан құрылған «Әжелер өнегесі» мектебі бүгін 60 мұқтаж отбасыға (300 000 теңге көлемінде) азық-түлік сөмкелерін таратты.

Сондай-ақ, топ мүшелерінің ұйытқы болуымен шара барысында 32 жанға су жаңа киімдер тарту етілді. Қасиетті рамазан айын мейлінше мейірімге толтырып, сауапқа толы өткізуге тырысқан әжелер мектебі бұға қоса 70 000 теңге қаражат науқас жандардың ем-домына аударғанын айтады.

Топ жетекшісі Бекет Гүлсара апамыз жиылған жамағатқа қасиетті Рамазан – қайырымдылық айы екенін жеткізіп, бүгінгі шараның маңызын ашықтай түсті. «Әжелер өнегесі» мектебінің мүшелеріне өз алғысын білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру