«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН»: ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАР ЖАМАҒАТПЕН ҚҰРАН ХАТЫМ ЕТІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

04 сәуір 2024 382 0
Оқу режимі

Рамазан - Құран айы. Қасиетті айда Алланың кәламын оқып, Құран хатымын жасау мұсылман үшін мол сауап. Осы орайда Астана қаласы өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешіті Құранға ерекше басымдық беріп отыр. Құлшылық ордасындағы әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен шәкірт қыз-келіншектер мен жамағаттағы ақ жаулықты аналарымыз тарапынан арнайы топтар құрылып, Құран хатымын жасап келеді. Одан бөлек мешіт шәкірттерімен Құран дәрістері де үздіксіз жалғасып келе жатыр. Қасиетті айда Құранға түсуге ниет білдірген жандарға ұстаздар тарапынан қосымша дәрістер жүруде.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру