«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ РАМАЗАН АЙЫ БОЙЫ ҚҰРАН ХАТЫМ ЕТІП КЕЛЕДІ (ФОТО)

04 сәуір 2024 383 0
Оқу режимі

Рамазан - Құран айы. Қасиетті айда Алланың кәламын оқып, Құран хатымын жасау мұсылман үшін мол сауап. Осы орайда Астана қаласы өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі ер және әйел ұстаздар тарапынан Құранға ерекше басымдық беріліп отыр. Мешіт жамағатымен және шәкірттермен Құран хатымы бірнеше рет жасалып, сауабы марқұмдар рухына бағышталып келеді.

Құлшылық үйінің үлкен залында күн сайын онлайн Құран хатымы жасалса, мешіт ұстаздары шәкірттерді бір айда Құран Кәрімді түпнұсқада оқи алатын нәтижеге жеткізіп отыр. Одан бөлек әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналарымыздан құралған арнайы топтар бірнеше рет Құран хатымын жасап үлгерді.

Алла Тағала қасиетті айда жасалған әрбір амалдардың сауабын еселеп жазғай!

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру