«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «БАБАЛАР РУХЫНА 150 ҚҰРАН ХАТЫМ» ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

04 сәуір 2024 478 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бабалар рухына 150 Құран Хатым» шарасы болып өтті.

Игі шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және ақ жаулықты аналарымыз бен әйел-қыздардан құралған шәкірттер қатысты.

Аталмыш шара Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызы мен «Әзірет Сұлтан» мешіті «Әжелер мектебінің» жетекшісі Күлсара Бекет ұстаздардың атсалысуымен жүзеге асып отыр. Құран айы болған қасиетті Рамазан қарсаңында әйел жамағаты арасынан іріктелген шәкірттер негізінде арнайы топ құрылып, Алланың кәламын хатым ету ниет етілген болатын. Міне, бүгін үлкен ықылас пен еңбектің арқасында бүгінге дейін Құран Кәрім 150 рет хатым етіліп, дұғасы жасалып, сауабы бабалар рухына бағышталып отыр.

Рухани шарада наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы ақ жаулықты әжелеріміз бен басқа да әйел шәкірттердің ыждаһаттылығы үшін алғыс білдіріп, Құран Кәрімнің шарапатын тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Пікірлер Кіру