«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АЙЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің ұйытқы болуымен Мәуліт айына орай ұйымдастырылған «Әш-Шәмәил Мұхаммадия» кітабынан бір айға жалғасқан дәрістер аяқталды.
Дәрістерді мешіттің наиб имамы Дарханұлы Тамирлан жүргізіп, жамағатқа Пайғамбарымыздың (ﷺ) қасиеттері мен сипаттары айтылды.
Іс-шара соңында дәріске тұрақты қатысқан жамағатқа арнайы сертификаттар мен сыйлық дорбалары таратылды. Сондай-ақ, кітап негізінде викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Адамзаттың ардақтысы, пайғамбарлардың сардары Мұхаммед ﷺ пайғамбарымызды сүю әрі оған ілесу – Алланың бекіткен парыздарының бірі әрі әрбір мұсылманның басты міндеттерінен. Алла елшісіне амалдары мен сүннет жолы арқылы ілесу жайлы талай фиқһ пен хадис кітаптары жазылды. Ал Пайғамбарымыздың сырт бейнесі, мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы жайлы қалам тартқан ең негізгі еңбектердің бірі – «Әш-Шәмәил Мухаммадия» кітабы.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!












Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі