«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «ОТБАСЫ – АМАНАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағытының жылдық жоспары аясында «Отбасы – аманат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда мешіттің наиб имамы Әбдулахад Сманов отбасының қоғам өміріндегі орнына тоқталып, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, бала тәрбиесі мен шаңырақтағы жауапкершілік туралы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ отбасындағы татулықты сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ұрпақ тәрбиесінде діни әрі ұлттық құндылықтарды ұштастырудың маңызына назар аударды.
Жиын барысында қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, отбасы институтын нығайту, балаға өнегелі тәрбие беру және отбасындағы өзара түсіністікті арттыру жөнінде пікір алмасты.
Кездесудің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, шаңырақ алдындағы жауапкершілікті терең түсіндіру және қоғамда берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі