«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

10 сәуір 2024 411 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ораза айттың берекелі таңынан бастап мешітке келуші жамағатқа қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Астана қаласы Әйел-қыздар секторы мен «Әжелер мектебі», «Инабат» қыз-келіншектер клубының мұрындық болуымен мешіт ауласында әртүрлі айттық тағамдары мен тәттілер, сусындар ұсынылды. Айт намазынан шыққан қала жұртшылығы дәмнен ауыз тиіп, бірін-бірі ұлық мерекен құттықтап жатты.

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат түгелімен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Пікірлер Кіру