«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

11 наурыз 2024 668 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Құран секторы мен Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен ерлер мен әйелдер арасында онлайн Құран сайысы өтіп, жеңімпаздар марапатталды.

Айта кетсек, Құран секторы құрылған сәттен бастап, тиісті тапсырмалар негізінде онлайн Құран сайысы жарияланған болатын. Сайыс барысы қазылар алқасы тарапынан бақыланып, міне, нәтижесі де айқындалып отыр. Осыған орай ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушылар да іріктелді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен марапаттау рәсімінде құлшылық ордасының бас имамы Ерболат Жүсіпов Рамазан Құран айы екенін, осы айда оқылған Құранның әрбір әрпі үшін мол сауап жазылатынын айта келе, жеңімпаздарды құттықтап өтті.

Келесі сөз кезегін алған ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік Ахмет қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осындай игі шаралар көптеп ұйымдастырылатынын айтты.

Жиын соңында қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Жеңімпаздар:

Ерлер арасында:

1-Орын - Абдулла Сәкенұлы
2-Орын - Айдосұлы Жаслан
3-Орын - Жолдыбек Ербол

Әйелдер арасында:

1 орын - Арапбек Ғалия
2 орын - Богатырёва Раяна 
3 орын - Тұрғын Нұрайша

 

Пікірлер Кіру