«Әзірет Сұлтан» мешітінде рамазан айы бойы жамағатпен 210 рет Құран хатым етілді
17 наурыз 2026
28
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінде діни оқу-ағарту бағыты аясында ұстаздардың ұйымдастыруымен қасиетті Қадір түнінде Құран хатым жасалды.
Астана қаласының Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған мешіт имамдары және жамағат бірігіп тарауық намазынан соң таң намазына дейін Құран хатым оқылып, 12 рет Құран хатым жасалды.
Рамазан айы бойы мешітте көптеген топтарға бөлініп, жалпы 210 Құран хатым жасалды. Оқылған хатым сауабы марқұмдарға бағышталып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!










Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру