«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «РУХАНИ КІТАП» АЙЛЫҒЫ ӨТТІ (ФОТО)
12 наурыз 2026
97
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігінің «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Рухани кітап» айлығының алғашқы шарасы өтті.
Жиынға Діни оқу-ағарту бағытына жауапты маман Махмұд Қасым және Дін және отбасы бағытына жауапты маман Абдулахад Сманов қатысты.
Шара барысында қатысушылар оқылған кітаптардан алған ойларын талқылады. Мақсат – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жамағат арасында ой бөлісу дәстүрін дамыту.
Қалалық мешіт қызметкерлері мен жамағат айлыққа белсенді қатысуға шақырылды. Жобаның жылдық жоспарына сәйкес, айлық барысында әр айдың тақырыбы бойынша кітаптар ұсынылып, талқылаулар мен кездесулер ұйымдастырылады.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру