«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАҢА ОҚУ МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ (ФОТО)

08 қыркүйек 2025 1138 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Бас имам Ерболат Жүсіповтің жетекшілігімен әйел жамағатына арналған жаңа оқу маусымының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет және басқа да мешіт ұстаздары мен шәкірттер қатысты.

Жиын барысында қала бас имамы білім алудың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, жамағатты білімге деген ықыласын арттыра түсуге шақырды. Әйелдердің діни сауатын ашуы отбасы тәрбиесі мен қоғамның рухани дамуы үшін үлкен мәнге ие екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ұстаз Хасан Аманқұлов шәкірттерге сәттілік тілеп, әрбір алған білімнің өмірде аманат ретінде қолданылуы керектігін жеткізді. Ол мешіт ұстаздарының еңбегін жоғары бағалап, олардың шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілігін айрықша атап өтті.

Салтанатты жиында ұстаздар жаңа оқу маусымының дәрістер кестесін таныстырды. Жаңа бағдарламада Құран оқу, тәжуид, ақида, фиқһ және отбасы құндылықтарына арналған сабақтар қамтылған. Сонымен қатар дін қызметкерлері шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақыттағы оқу-әдістемелік жоспарлармен бөлісті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру