«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ЖАҢАДАН 300 ШӘКІРТ ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

22 қаңтар 2024 883 0
Оқу режимі

 «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңадан 300 шәкірт қабылданды. Астана қаласы өкілдігі әйел-қыздар секторының жетекшісі Бухарбаева Эльмира шәкірттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға дін ұстану-құлшылықтағы ниеттің маңыздылығы туралы уағыз айтып, ілім алуға келген шәкірттерге ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, білімнің маңыздылығын түсіндірді.

Қазіргі таңда Эльмира Серікбайқызы, Күлсара Бекет, Зарина Шамидуллақызы, Нұргүл Әлиханқызы, Мухлиса Сайдулақызы қатарлы әйел ұстаздар шәкірттеріне «Құран әліппесі», «Құранды сауатты оқу ережелері», «Құранды мәнерлеп оқу», «Иман негіздері», «Құлшылық дәрістері», «Әдеп», «Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаяны», «Намаз сабақтары»-нан дәрістер өтукізуде.

Сонымен қатар апта сайын жұма уағыздары жүргізіледі.

 

Пікірлер Кіру