«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІМЕН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

05 қараша 2025 504 0
Оқу режимі

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшылармен «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында рухани кездесу өтті.

Ақ дастархан басындағы жиында мешіттің наиб имамы Абдулахад Сманов адал еңбектің исламдағы орны мен мән-маңызы туралы уағыз-насихат айтып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) еңбекті дәріптеген хадистерінен мысалдар келтірді. Адал еңбек – адамның өз нәпсісін тәрбиелеп, қоғамға пайда әкелуіне жол ашатын ізгі амал екенін. Кім өз еңбегімен табыс тапса, сол адам Алла разылығына жақындайтынын атап өтті.

Қазақ халқында да адал еңбекке ерекше мән берілген. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Адал еңбектің наны тәтті» деген даналық сөздер халықтың еңбекке деген құрметін көрсетеді. Ата-бабамыз мал бағып, жер жыртып, кәсібін дінмен ұштастыра отырып, маңдай терімен тапқан табысты ең қасиетті ризық деп санаған. Сол себепті адал еңбек – тек күнкөріс көзі емес, рухани тазарудың да бір жолы ретінде бағаланған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру