Балалар күні қарсаңында көпбалалы отбасыларға сыйлық жасалды (ФОТО)

31 мамыр 2022 3806 0
Оқу режимі

1 маусым – халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде көпбалалы жандарға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Мешіт бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының бастамасы негізінде мереке қарсаңында көп балалы 20 отбасыға демеуші азаматтардың қолдауымен қаржылай көмек берілді. Шара аясында құлшылық ордасының тазалықшылар қауымы да қамтылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жауапты қызметкері Мерей Жақия мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Ибраевтар жамағатқа бүгінгі шараның маңызын түсіндіріп, мерекемен құттықтады. Игі шараға демеушілік танытқан азаматқа көпшілік алдында алғысын білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру