Бас мешіт есігі қайта ашылды (ФОТО)

18 мамыр 2020 5861 0
Оқу режимі

Елімізде жарияланған төтенше жағдай және карантин режиміне орай уақытша жабық тұрған құлшылық ордалары бүгін жамағатқа есіктерін айқара ашып отыр. Арнайы кезеңдік кесте бойынша бүгін қазақ даласындағы мың жарымға жуық құлшылық ордасы санитарлық талаптарды сақтай отырып, өз жұмыстарын бастады.

Еліміздің Бас құлшылық ордасы «Әзірет Сұлтан» мешіті де бүгін жамағатқа айқара есік ашты. Алып ғимарат іші әп-сәтте сүйікті мешіттерін аңсаған жамағат сағынышына тұнып, қанша уақыт бойы қаңырағандай күй кешкен құлшылық ордасына жан біткендей болды. Қандай қиын-қыстау күн туса да, аузынан Алласын тастамаған халқымыздың құлшылыққа құлшынып, ел амандығы үшін қол жайып, дұға жасауға асыққаны да бүгінгі күннің басты көрінісі болды.

Әзірге бекітілген ереже бойынша мешітте жамағат намазы оқылмайды. Құлшылық ордасы таңғы 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында бұл шарт ертеңгі Қадір түнінде де сақталады. Сондай-ақ, мешітке келуші жамағаттың төмендегі талап-ережелерді толықтай білгені абзал.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру