Бас мүфти Арыстан Баб кесенесін зиярат етті (ФОТО)

05 ақпан 2021 4127 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, әйгілі ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Айта кетсек, Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі маңызды ескерткіштің бірі. Ол Түркістан халқының арасында Ислам дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесенеде дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара секілді жеке бөлмелер бар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру