БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚҰПТАН НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

16 наурыз 2026 177 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге құптан намазын өткізді.

Құлшылық алдында Бас мүфти мешітке жиналған жамағатты мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтап, бұл түннің мұсылман өміріндегі айрықша маңызына тоқталды. Сондай-ақ рамазан айының рухани тәрбиесі, адамды сабыр мен мейірімге жетелейтін тағылымы туралы айтты.

ҚМДБ Төрағасы қасиетті түнді құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізіп, ізгі амалдарды көбейтуді насихаттады. Жамағатқа ауызбіршіліктің, бір-біріне қамқор болу мен рамазан айының берекесін бағалаудың маңызын түсіндіріп өтті.

Уағыздан соң Бас мүфти жамағатқа имамдық етіп, құптан намазы оқылды. Мешітке жиналған қала тұрғындары қасиетті түнді құлшылықпен қарсы алып, дұға жасап, рухани кештің берекесін сезінді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру