Бас мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінің Рамазан кезіндегі жағдайымен танысты (ФОТО)

29 сәуір 2020 5877 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп, құлшылық ордасының Рамазан кезіндегі жай-күйімен танысты. Карантин режиміне орай іске қосылған онлайн дәрістер мен тікелей көрсетілім, Құран хатым жобаларымен танысып, Бас мешіттегі басқа да іс-шаралар жайлы пысықтады.

Сондай-ақ, мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов «Рамазан шуағы» атты тегін ауызашар пакеттерін тарату мен қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жұмыстары жайлы мағлұмат беріп, қазіргі таңда аталмыш шараларының ауқымы кеңейе түскенін жеткізді. Рамазан айы басталысымен іске қосылған «Рамазан шуағы» атты тегін ауызашар пакеттері кеше «Шарапат» еріктілер орталығының көмегімен 1 000-ға жуық адамға таратылған болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Әзірет Сұлтан» мешітінде күнделікті онлайн дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған қоса, Бас мүфти бастамасы негізінде «Онлайн Құран хатым» және «Батаменен ел көгерер» атты жобалар іске қосылған болатын.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру