Бас мүфти дайындық курсы шәкірттерімен кездесті (ФОТО)

06 мамыр 2021 2950 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы аймағына жұмыс сапарында Талғар ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы шәкірттермен кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти дайындық курсының жағдайымен танысып, шәкірттермен сұхбаттасты. ҚМДБ Төрағасы оларды білім жолында талмай ізденуге шақырып, университетке жолдама алуына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бүгінде «Нұр-Мүбарак» университетінде 6 дайындық курсы жұмыс істейді. Соның бірі – 2010 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылында ашылған осы дайындық курсы.

Мұнда шәкірттерге білім алуға толық жағдай жасалған. Шәкірттер ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен дәріс тыңдайды. Дайындық курсының түлектері «Нұр-Мүбарак» университетіне жолдама алады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру