Бас мүфти Ескендір Хасанғалиевтің туыстарына көңіл айтты

01 мамыр 2021 2653 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас Наурызбай қажы Тағанұлы елге белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Ескендір Өтегенұлының қазасы барша өнерсүйер қауымның қабырғасын қайыстырды. Ағамыз композиторлығымен де, әншілігімен де елдің ықыласына бөленген, абзал жан еді. Қазақ музыкасының қарыштауы үшін тер төкті. Өнер мен мәдениеттің өркендеуіне бір кісідей атсалысты. Қаншама ғажап әндер қалдырды. Әсіресе ол кісінің «Атамекен», «Анаға сәлем», «Айналайын», «Әдемі-ау», «Гүлсезім» секілді әндері тыңдарманның жүрегін тербеткен, ескірмейтін, өшпейтін әндерге айналды.

Ескендір ағамыздың жарқын бейнесі мен өшпес ізі ұмытылмайды. Ұрпақтар жадында сақталып, жаңғыра береді деп білеміз. Алла Тағала ағамызды рақымына бөлесін, отбасы мен туыстарына сабыр берсін!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру