Бас мүфти Каирде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді (ФОТО)

18 наурыз 2021 4081 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткен Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті халықаралық конференциясы аясында Сауд Арабия Корольдігінің Шура кеңесінің мүшесі Һәзза әл-Кәһтанимен кездесті.

Кездесуде Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің ұйымдастыруымен өткен «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты халықаралық конференцияда көтерілген мәселелер талқынды.

Тараптар діни татулық пен келісімді нығайтудың маңыздылығы жайында пікір алмасып, осы бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру