Бас мүфти «Халық арна» телеарнасының Атыраудағы студиясында сұхбат берді (ФОТО)

25 ақпан 2021 2292 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда ашылған «Халық арна» телеарнасының студиясында болып, бөлімшенің жұмысымен танысты. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Бас мүфтиге студия жұмысын таныстырып, ақпарат саласындағы бастамаларын баяндап берді.

Наурызбай қажы Тағанұлы  телеарна журналистеріне берген сұхбатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағыты, жастар тәрбиесі, ихсан ілімі туралы ойларымен бөлісіп, Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған amin.kz медиа орталығының жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, «Халық арна» телеарнасының Атыраудағы филиалы өңірлер бойынша бірінші болып өз жұмысын бастап кетті.

Филиал студиясы төрт блоктан тұрады. Арнайы жасақталған студияда телевизиялық хабарлар, рухани сұхбаттар, түрлі форматтағы түсірілімдер жасалады.

Студия телевизия саласына қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Халық арна» телеарнасы ашылған болатын. Бүгінгі таңда телеарна «Отау ТВ», «IdTV» кабельдік желілері арқылы хабар таратып келеді.

Пікірлер Кіру