БАС МҮФТИ МЫСЫРДА БІЛІМ АЛЫП ЖҮРГЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ

16 желтоқсан 2025 76 0
Оқу режимі

Мысыр Араб Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каир қаласында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен Әл-Азһар университетінің оқу ғимаратында кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти жастарға ілім алудың жауапкершілігі, ілім иесінің қоғам алдындағы міндеті, сондай-ақ алған білімді ел мен дін жолында тиімді пайдалану мәселелері төңірегінде тағылымды насихат айтты.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы шетелде білім алып жүрген жастардың ұлттық болмысын сақтауы, дін мен дәстүр сабақтастығын ұстануы аса маңызды екенін айтты. Ғалымның сөзі мен ісі, білімі мен әдебі бір-бірімен үйлескенде ғана қоғамға шынайы пайда әкелетінін еске салды.

Кездесу барысында екі ел арасындағы тарихи-рухани байланысқа да тоқталып, Бейбарыс сұлтанның ізі қалған қасиетті мекенде білім алып жүрген қазақ жастарының бұл мүмкіндікті қадірлей білуі қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында Бас мүфти студенттерге ақ батасын беріп, білім жолында табандылық танытып, елге оралып, халыққа адал қызмет ететін білікті дін маманы болуларына тілектестік білдірді.


























Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру