БАС МҮФТИ ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІРҚАТАР ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

26 желтоқсан 2025 221 0
Оқу режимі

Астана қаласында өткен «Діни басқармаға – 35 жыл» атты мерейтойлық рухани кеш барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы руханият пен қоғамдық бірлікті дәріптеу жолында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен бірқатар зиялы қауым өкілдерін ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.

Салтанатты шарада ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойлық медалімен төмендегі тұлғалар марапатталды:

Есім Ғарифолла Қабдыжаппарұлы – ғалым, абайтанушы, дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы – журналист, публицист, жазушы-драматург, қоғам қайраткері, 2019 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Ахметов Әділ Құрманжанұлы – ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, педагог-ұстаз, сенатор, филология ғылымдарының докторы, профессор, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Оралбай Әбдікәрім Әбдікәрімұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Манарбек Әзімбекұлы – қоғам қайраткері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі;

Өмірзақ Қоспанұлы – қоғам қайраткері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Пікірлер Кіру