БАС МҮФТИ ҚҰРБАН АЙТҚА БАЙЛАНЫСТЫ АППАРАТ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

15 маусым 2023 1393 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне қатысты іс-шараларды пысықтау үшін арнайы жиналыс өткізді.

Өкілдіктердің бас имамдары қатысқан жиында ҚМДБ қызметкерлері Құрбан айтта ұйымдастырылатын қайырымдылық іс-шаралар, ақпараттық түсіндірме жұмыстары, пәтуа беру, санитарлық талаптарды сақтау, т.б. бағыттар бойынша Бас мүфтиге баяндады.

«Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Бұл мейрамды жоғары деңгейде атап өту үшін ҚМДБ жанынан құрылған жұмыс тобы бекітілген жоспарды асқан жауапкершілікпен тиянақты түрде жүзеге асыруы тиіс. Осы бағытта әр бөлім қызметкері өзіне жүктелген жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруы қажет» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы. Бас мүфти жиналыста құрбан шалу рәсімі кезінде қауіпсіздік шараларға жіті мән беру қажеттігін сөз етті. Сонымен қатар жұмыс тобына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетсек, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында алдағы күндері құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қоспақ. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру