Бірінші наиб мүфти Елорда қажыларына ақ батасын арнады (ФОТО)

19 шілде 2019 5123 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде  Нұр-Сұлтан қаласының қажыларына арналған дайындық дәрістері тәмамдалды. Шілде айының 15-жұлдызында басталған семинар сабақтарының соңғы дәрісіне ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзі қатысып, енді бірер аптадан соң қасиетті мекенге аттанатын жерлестерімізге ізгі тілегін арнап, батасын берді.

Айта кетейік, қажылық маусымы қарсаңында еліміздегі облыстық, қалалаық және аудандық мәртебедегі 530 мешітте қажылық сапарына дайындық дәрістері басталған болатын. Қазіргі таңда елімізден аттанатын 3 200 жан қасиетті сапардың қыр-сырына толықтай қанығып, білімдерін толықтырды.

Төрт күнге созылған семинар сабақтарынан Елорда қажылары да өздеріне беймәлім көптеген жайттардың хикметін ұғынып, қажылық рәсімдерімен етене танысып шықты. Осы алған білімдері ұлық сапар барысында қажеттеріне жарап, қажылықтары қабыл болуын сұраған Наурызбай қажы Тағанұлы семинар соңында жамағатпен бірге дұға жасады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру