Бұл елден үш айда 83 тонна құрма экспортталған

30 шілде 2018 7893 0
Оқу режимі

Үстіміздегі жылдың 21-наурызы мен 21-маусым аралығында Иран елінен әлемнің 69 мемлекетіне 83 194 тонна құрма жемісі экспорталған. Сыртқа шығарылған өнімнің жалпы сомасы 95,38 млн долларды құраған. Бұл жайында Иран республикасының Кеден әкімшілігі жариялаған құжатта көрсетілген.

Ирандық құрманы сатып алған мемлекеттердің алғашқы ондығы төмендегі тізім бойынша қаржы аударған екен: Үндістан – 16,1 млн, Ирак – 14,58 млн, Пәкістан – 14,08 млн, Түркия – 12,08 млн, Қазақстан – 7,79 млн, Ауғанстан – 4,51 млн, БАӘ –3,53 млн, Ресей – 2,93 млн, Әзірбайжан – 2,2 млн, Малайзия – 1,9 млн.

Пікірлер Кіру