ДІН МЕН ДӘСТҮР ВИКТОРИНАСЫНДА ЖАМАҒАТ СЫЙЛЫҚ ИЕЛЕНДІ (ФОТО)
31 қазан 2025
679
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде келуші жамағатқа дін мен дәстүр аясында викториналық сұрақтар ұсынылып, сыйлықтар үлестірілді.
Мешіттің наиб имамы, Дін мен дәстүр бөліміне жауапты маман Абдулахад Сманов жамағатқа дін мен дәстүр негізінде дайындалған сұрақтар легін жолдап, әр дұрыс жауап берген жамағатқа арнайы әзірленген шағын сыйлық бокстарын табыстады. Сыйлықтар ішінде түрлі діни кітапшалар, естелік бұйымдар және рухани мазмұндағы заттар болды.
Іс-шараның мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, сонымен қатар жамағаттың білімін арттырып, мешітке деген қызығушылығын күшейту. Бұл игі бастама жамағат арасында көтеріңкі көңіл күй қалыптастырып, білім мен ізденіске деген ынтасын арттырды.









Пікірлер
Кіру