Дін қайраткері мерекелік медальмен марапатталды

05 мамыр 2021 2680 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласындағы кеңсесінде Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет шаһардағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұловты қабылдап, «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Асылхан Өмірзақұлы – Алматының Медеу ауданындағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылған жылдардан бастап, Алматы қаласының бас имамы, наиб мүфти сынды жауапты қызметтер атқарған.

Нұрбек Әуесханұлы тәжірибелі дін қайраткеріне Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, Рамазан айымен құттықтады. Ширек ғасыр бойы асыл дінімізге аянбай қызмет етіп келе жатқан есімі елге белгілі, тәжірибесі мол имамға амандық, ісіне береке тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру