Діни басқарма бір аптада 5 957 отбасыға көмек көрсетті (ФОТО)

07 сәуір 2020 3933 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бір апта ішінде 5 957 отбасыға көмек көрсетті.Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада қайырымдылық шарасын өзі бастап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып, оларға насихатын жеткізген болатын.

«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Мен жұртымызға жолдаған Үндеуімде карантин кезінде үмітсіздікке бой алдырмай, сауапты амалдар мен қайырымдылық шараларға үлес қосуға шақырдым. Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, жан-жағымызға шуағымызды төгіп, шарапатымызды тигізіп, адамның алғысын алып өсіп-өнген елміз. Сындарлы сәтте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жабыққан жандарға көмектесудің сауабы мол. Осынау сауапты іске үлес қосқан барша дін қызметкерлері мен демеуші азаматтарға риясыз ризашылығымды білдіремін», – дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық акциясы республика деңгейінде жүзеге асқан. Азық-түлік пен тұрмыстық заттарға кеткен қаражат мөлшері – 25 015 950 теңге. Бұл бастама жалғасын таба бермек.           

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру