Еліміздегі ең үлкен мешіттің суреттері жарияланды (ФОТО)

12 қараша 2021 6105 0
Оқу режимі

Елордадағы жаңа мешіттің суреттері LinkedIn парақшасында жарияланды.

Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешітттің сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болмақ.

Еліміздегі ең үлкен мешіттің суреттері жарияланды

Мешіттің салынатыны туралы жаңалық 2019 жылдың 18 наурызында белгілі болды.

Еліміздегі ең үлкен мешіттің суреттері жарияланды

Жаңа мешіттің аумағы – 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метрді құрайды.

Еліміздегі ең үлкен мешіттің суреттері жарияланды

Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.

Дереккөз: aikyn.kz, Бағлан Бекназар

Пікірлер Кіру