ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА «ЗИЯТКЕР ИМАМ – 2023» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

15 қараша 2023 1602 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі қызметкерлері арасында «Зияткер имам – 2023» білім сайысы өтті. «Ақмешіт» мешітінде ұйымдастырылған білім сайысына Елордадағы 14 мешіттен бір-бір үміткерден қатысып, «Оқу-ағарту», «Дін мен дәстүр», «Ихсан ілімі» бағыттары аясында Ақида, Фиқһ, Ислам тарихы және ҚМДБ бекіткен құжаттар бойынша білім жарыстырды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, белгілі қари Жұманазар Садырханов, ҚМДБ маманы Серікбол Аршабаев және тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес сайысқа қатысушылардың діни білімі мен біліктілігін сараптап, қазылық жасады.

«КІМ БІЛГІР», «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК», «БІЛІМ-ИНЕМЕН ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНДАЙ» атты бірнеше айналымнан сүрінбей өткен қатысушылардың сайыстың ақтық кезеңінде таңдаған тақырыптары бойынша қысқаша уағыз айтып, өздерінің білімдерімен қатар, шешендік өнерлерін де ортаға салды.

Төрт кезеңде жинаған ұпай саны бойынша жүлделі ІІІ орынға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Шалқар Жолды ие болса, ІІ орынға «Раиса ана» мешітінің ұстазы Үсенұлы Азамат лайық деп танылды. «Зияткер имам – 2023» білім сайысының бас жүлдесі Республикалық Бас мешіт ұстазы Әлиханұлы Әділханға бұйырды. Жүлдегер қызметкерлерге арнайы марапат сыйлығы табысталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру